Азаматтық істердің кейбірін енді нотариустар қарайды

0
146

Бұрын соттар қараған азаматтық істердің бір бөлігі енді нотариустарға беріледі. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрін енді нотариустар қарастыратынын көздейді. Бұл – берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбекақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариус куәландырған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан сотты әуре-сарсаңға салмау үшін қолға алынып отыр.Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.

Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және “Нотариат туралы” заңға меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері жөніндегі заң шеңберінде енгізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз