“Қазгидромет” тұтқындалған қызметкерлердің аты-жөнін атады

0
76
Фото: ҰҚК

Оқи отырыңыз: “Қазгидромет” басшылары ұсталды – ҰҚК

“Қазгидромет” РМК 17 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шаралар нәтижесінде ҚР Қылмыстық Кодексі 366 бабының 4 тармағына сәйкес қылмыс істеді деген күдікпен “Қазгидромет”  басшыларының тұтқындалуына қатысты мәлімдеме жасады. 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің ақпарына сәйкес, қылмыс жасады деген күдікпен Қарағанды облысы бойынша “Қазгидромет” РМК бөлімінің басшысы Р.И. Андрианов және “Қазгидромет” РМК бас директорының орынбасары Н.К. Сұлтанов ұсталған.

“Қазгидромет” РМК өтіп жатқан тергеу-тексеру шараларына қолдау білдіреді, сұралған барлық материалдарға еш кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік береді, әрі тергеу-тексеру шаралары туралы ақпаратты жария қылмайды деп хабарланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз