“Баяғы жартас сол жартас”

0
1,172

Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев кезекті Үкімет отырысы барысында министрлер мен аймақ әкімдеріне ескерту жасады. 

Үкімет отырысында өткен айдың қорытындысы және көктем мезгілі қарсаңында болатын қар ерітінділерінің салдарынан болатын су тасқындарының алдын алу мәселелерін талқылау барысында министр Б. Сағынтаев әріптестеріне жыл бұрын атқарылған жұмыстарды баяндауды емес алдағы уақыттағы атқарылуға тиісті мәселелерді талқылауды ескертті. 

Бақытжан Сағынтаев: “Құрметті әріптестер жиналысқа дайындалған кезде нақты мәселелерді ғана баяндау қажет. Былтырғы атқарылған жұмыстардың бәрін атап өтпей! Былтыр болған жағдай бітті. Қазір қандай мәселелерді шешуіміз керек.Бәрін айтуымыз керек. Қазақта сөз бар “баяғы жартас сол жартас” деп көктем шықса су тасқыны келеді, ел судың астында қалады. Қыс келеді үйлер өртеніп жатады. Ал баяндамамыз керемет!”

Үкімет басшысы атқарылған жұмыстарды артығымен баяндауды қойып, жасалуы тиіс шаруалардың кем-кетігін түгендеуді тапсырды.

“Жаңа министрлер айтты ғой қандай кемшіліктер бар қандай кемшіліктері бар екенін, сол жөнінен жауап беруіміз қажет. Не себептен кемшіліктеріміз бар? неге қаржыландыру мәселелері шешілмеді? неге берілмеді? қандай шаралар қабылданды? Ол туралы бір де бір өз жоқ. Айтатындарыңыз”барлығы жақсы”, “барлығы керемет”, “қатаң бақылауда”. Көріп жүрміз қандай бақылауда екенін!”

Министр өңірлерде өрт қауіпсіздігі мен су тасқынына көңіл бөлуді талап ететін күрделі мәселелердің бар екенін атап Ішкі істер министрлігі мен барлық әкімдерге тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселесін жылыту маусымының соңына дейін бақылауда ұстауды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз