Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласындағы тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру шараларын баяндады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өз сөзінде министр елдегі 3,7 млн баланың сапалы білімі мен саналы тәрбиесін және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін еске салды.
“Жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру; мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «Педагог көмекшісі» штатын енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырамыз”, – деді Ғани Бейсембаев елордада өткен министрліктің алқа отырысында.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшада тегін тамақпен қамту қолға алынады.