Балалар түнгі уақытта қараусыз қалдырылған – Қасымов

0
105

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бес бірдей бала қаза тапқан өрттің нақты не себептен шыққанын бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Үкімет үйінде өтіп жатқан отырыста ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов 4 ақпанда шыққан өрттің себептерін баяндап, «Өрттен 11 айлық және 12  жасқа дейін 5 бала қаза тапты. Өрттің себебіне келер болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Салдарынан өрт шыққан. Содан кейін балалар түнгі уақытта қараусыз қалған”, деп мәлімдеді.

Министрдің мәліметінше өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем қызметі де тап осы уақытта болған.  Алайда өкінішке қарай қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмаған.

Министрдің айтуынша өрт жағдайынан зардап шегу оқиғалары өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған. “Ең бастысы өрттен қаза тапқандардың саны азайды”, дейді министр. Алайда газдан уланып қаза тапқандардың саны 12 пайызға артып отыр.

Баяндама соңында “Өртке қарсы қызмет көрсету шаралары жыл сайын жүргізіледі. Соңғы бірнеше айда 1 млн 700 мың жеке үйді аралады.  4 млн адаммен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайға байланысты тағы жұмысты жандандырамыз”, дейді Қалмұхамет Қасымов. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз