Бас санитар перзентханада босану кезінде көмекші адамның кіруіне рұқсат берді

0
126

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустың таралуына жол бермеу туралы қаулысына өзгеріс енгізді.

Өзгертілген қаулыға сәйкес, Қазақстанға шетелден келетін барлық жолаушы ПТР-тест теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі тиіс. Бұған дейін ондай талап әуе рейстерінде ғана болған. Енді, теміржол мен теңіз қатынасымен, сондай-ақ, автобекеттер арқылы шекарадан өткен адамдар да ПТР-тест анықтамасын алып жүруге міндетті болады. Анықтаманың мерзімі – 3 күн.

Кейбір санаттағы адамдар тест нәтижесін көрсету міндетінен босатылған:

  • 5 жасқа дейінгі балалар;
  • Қазақстан үкіметінің делегациялары;
  • локомотив бригадаларының мүшелері;
  • теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар;
  • әуе компанияларының экипажы.

Бұдан бөлек, бас мемлекеттік санитар перзентханада босану кезінде көмекші адамның кіруіне рұқсат берді. Алайда оның 3 тәуліктен аспаған ПТР-тест анықтамасы болуы шарт.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз