Бейжің – Париж халықаралық ретро ралли Нұр- Сұлтан қаласында

0
79

Бүгін 17 маусымда VII “Бейжің – Париж” халықаралық ретро раллиге қатысушылар елордаға ат басын бұрады. Әлемнің 20- дан аса елінің 120 жуық сирек кездесетін автомобилін Достық көшесінен сағат 16.30-20.00 аралығында көруге болады. 

Үш жылда бір рет өтетін Бейжің-Париж раллиі – 1907 жылы алғаш рет ұйымдастырылған автомобиль жарысы. Ол Бейжіңнен (Қытай) Парижге (Франция) дейін 14 994 шақырым арақашықтықты құрайды. Оған тек 1976 жылға дейін шығарылған көліктер ғана қатыса алады. Мысалы, Bentley, Lancia, Packard, Horch және құны миллион еуроға дейінгі басқа сирек кездесетін көліктер. Автожарыс Бейжіңнен басталады. Қатысушылар Қытайды аралап, 5 күн Моңғолия, Алтай (Ресей), Қазақстан, Ресей, Еуропа және Франция елдерінің аумағынан өтеді.

Айта кетейік, биыл әйгілі ралли алғаш рет бүкіл Қазақстан арқылы өтеді. 16 маусымда шараға қатысушылар Павлодарда, келесі күні Нұр-Сұлтанда, содан кейін Балкашино кентіне тоқтайды. Жол үстінде ретро автомобильдер Бурабайға соғады. Раллиге қатысушылар Қазақстанда ат басын бұратын ең соңғы қала – Қостанай.

Жарысты ұйымдастыру идеясын LeMatin француз газеті ұсынған. Ол оны 1907 жылғы 31 қаңтардағы санында жариялаған: “Адамдар көлік бар кезде қалаған жеріне бара алатынын, қалағанын істей алатынын дәлелдеуі керек”- деп жарияланған.
Сурет Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз