Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Бұған дейін аталған лауазымды Мәдина Әбілқасымова атқарған еді.
“Сапарбаев Бердібек Машбекұлын Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылып, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалсын”, – деп хабарланады.
Б.Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін экономист мамандығы бойынша бітірген (1977). Отбасы мүшелері: жұбайы – Сапарбаева Қалдығайша Зейноллақызы (1955 ж.т.). Қызы – Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы (1978 ж.т.); ұлдары – Сапарбаев Бауыржан Бердібекұлы (1983-2002), Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы (1991 ж.т.).
1969 жылдың тамыз айынан – Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жүмыстарды атқарушы. 1971 жылдың мамырынан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында – Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші. 1977 жылдың қазан айынан – ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан – аға экономист, 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист, 1985 жылдың шілде айынан – бас экономист, 1986 жылдың наурыз айынан – бөлім бастығының орынбасары. 1988 жылдан – ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы. 1990 жылдан – ҚР Білім министрінің орынбасары.
1994 жылдан – ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 1995 жылдың наурыз айынан – ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі. 1995 жылдың қыркүйек айынан – Қызылорда облысының әкімі. 1999 жылдан – Түркістан облысының әкімі. 2002 жылдан – ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы. 2004 жылдан – қаржы вице-министрі – ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы. 2006 жылдан – ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары – ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі. 2007 жылдан – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін – Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2011 жылдан – Қазақстан премьерминистрінің орынбасары. 2015 жылыдң 11 қыркүйегінен – Ақтөбе облысының әкімі.
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен; «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.