ҚазАвтоЖол компаниясы ел жүргізушілерінен аса қажет болмаған жағдайда ұзақ сапарға шықпауды сұрады.
“25 желтоқсан күнгі сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ, тұман, шектеулі көрініс) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді”, – делінген хабарламада.