Билік тамыз айында табыссыз қалғандарға 21250 теңге төлейді

0
192

Қазақстанда карантин тағы екі аптаға, 2 тамыздан – 16 тамызға дейін созылады, билік осы аралықта жұмыссыз қалғандарға 42500 теңгенің жартысын – 21250 теңге төлейді.

Бұл туралы 30 шілде күні вице-премьер Ералы Тоғжанов және денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың брифингінде айтылды.

“Карантин ұзартылғаны үшін міндетті түрде төлем төленеді. Бірақ 42500 теңге соманың жартысы ғана – 21 250 теңге беріледі” деді Тоғжанов. 

Бұған дейін карантин кезінде табыссыз қалған азаматтарға үкімет ең төменгі жалақы мөлшерінде, яғни 42 500 теңгеден төлеген еді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, шілдеде бұл қаржылай көмек 1,8 млн адамға берілген.

Билік 21250 теңге көмек қалай берілетінін алдағы күндері түсіндірмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз