19 қаңтар күні палаталардың бірлескен отырысында депутаттар, қарулы күштердің бітімгершілік контингентін БҰҰ миссияларына қатысу үшін жіберу туралы ұсынысын қабылдады.
Парламентке үндеуді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов оқып берді. 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін жіберу жоспарланған.
Әскерилер 1 жыл уақытқа жіберіледі. Олар наурыз айының басында сапарға шығады. Қорғаныс министрі БҰҰ олардың әр қайсысына 1 мың доллардан жоғары айлық жалақы беретінідігін айтты.
Жалпы 139 әскеридің арасында 7 әйел адам бар. Қазақстандық контингент, патрульдік шолу, БҰҰ аймақтарын қорғау және минадан тазарту жұмысын атқарады. Олар, қазақстанның өзіндік әскери қарулары мен техникасын бірге алып барады.
Әскерилерді арнайы аймаққа жеткізудің өзіне 8 миллион АҚШ доллары жұмсалады. Депутат Ермұрат Бәпидің айтуынша барлығы 7 миллиард теңге шамасында қаржы жұмсалады.