Қазақстанда биыл өз-өзіне қол жұмсағандар саны 3,4 пайызға көбейген. Оның ішінде жасөспірімдер арасындағы суицид 30 пайызға артқан.
Он айда Қазақстаннан кәмелетке толмаған 169 жасөспірім қайтыс болды, оның 27,8 пайызы 5 пен 14 жас аралығындағы балалар, 72,2 пайызы 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер.
Сондай-ақ өз өмірін қимақ болғандардың да саны артқан. 5 пен 18 жас аралығындағы жас қазақстандықтардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері бір жылда 17,8 пайызға көбейді. Олардың нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін, өйткені салдары жоқ сәтсіз суицид әрекеттері жиі еш жерде тіркелмейді.
Қайғы мен мұң, өзін-өзі төмен бағалау, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, зейіннің бұзылуы, оқшаулану, соматикалық шағымдар және суицидтік алаңдаушылық — өз өзіне қол жұмсап қайтыс болудың өте кең таралған себептері. Оның үстіне, суицид болғаннан кейін қоғамдағы басқа адамдар, әсіресе қайтыс болған балалардың достары мен сыныптастары үшін суицид қаупі артуы мүмкін.