Челахтың ісі қайта қаралады

0
277
Владислав Челах

Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.

“Осыған байланысты Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы оның ісін 2019 жылдың 22 қаңтарында қарайды”, – деп хабарлады Жоғарғы соттағылар.

Ведомство мәліметінше, сотталушы сот отырысына қатыспайды. “Ол видеобайланыс арқылы шыға алады. Бұл мүмкін, бірақ оны сот шешеді”, – деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Челах 2012 жылдың мамыр айында “Арқанкерген” шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді депайыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз