Цукерберг Facebook желісіне қатысты кешірім сұрады

0
69
/Facebook басшысы Марк Цукерберг АҚШ Конгрессінде

АҚШ Конгресінде мәлімдеме жасаған Facebook басшысы Марк Цукерберг барысында желі қолданушыларының жеке ақпараттарының таралып кетуіне қатысты кешірім сұрады. Бұл туралы 11 сәуірде Reuters агенттігі хабарлады. Әлеуметтік желінің негізін салушы болған жағымсыз жайтты өз қателігі деп санайтынын айтып, «әлеуметтік желіде бар болғанның» өз жауапкершілігінде екенін алға тартты.

Цукерберг сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушыларының жек ақпараттарына қол жетімділігі бар барлық қосымшаларды тексеруге ниетті екенін жеткізді. Цукерберг компанияның платформада қосымашаларға тыйым салуға мүмкіндігі бар екенін алға тартты.


Бірнеше жыл бұрын Cambridge Analytica компаниясы әлеуметтік желі қолданушыларына өздерінің психологиялық портреттерін құруға мүмкіндік беретін Facebook желісіне арналған қосымшада жеке деректерді пайдаланған. Аталған қосымшаны өздеріне қатысты жеке ақпараттарды берген 270 мың адам жүктеп алған.

Кейіннен Cambridge Analytica қосымша арқылы алынған деректерді толығымен жойдық деп мәлімдеді, бірақ барлық деректер жойылмаған болып шықты. АҚШ-та өткен сайлау алдындағы науқан кезінде фирма мақсатты және психологиялық тұрғыдағы жарнама құру үшін елдегі электораттың жеке деректерін пайдаланған деген болжам бар.

Желіні пайдаланушылардың жеке ақпараттары тарап кеткені мәлім болғаннан кейін  қолданушылар #DeleteFacebook және #BoycottFacebook науқанын бастады. Бірқатар компаниялар әлеуметтік желіге жарнама беруді тоқтатты. 19 наурыздан бастап компанияның бір акциясының құны Нью-Йорктың қор биржасында 177 доллар 1 центтен 165 доллар 4 центке құлады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз