Соңғы үш жылда ДАИШ* тараптастар Қазақстан аумағында бірнеше лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы СІМ-де өткен брифинг барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Рақымбердиев хабарлады.
“Жұмыстар жүргізіп жатырмыз, сандар азайып келеді. 2016-2017 жылдары 10-12 болған. 2018 жылы шамамен 3-5 лаңкестік әрекет”, – деген Рақымбердиев бұл ДАИШ* көздеген лаңкестік әрекеттер екенін, өзге де лаңкестік топтардың да өз ойы болғанын алға тартты.
ҰҚК өкілі Алматыда бір лаңкестік әрекеттің ізі кесілгенін, күдіктілерден жарылғыш заттар тәркіленгендігін атап өтті.
14 қаңтарда ҰҚК Алматыда Орталық Азиядан шыққан бірқатар шетелдіктер тұтқынға алынғанын хабарлады. Олар Қазақстанда лаңкестік әрекет жасамақ болған. Тергеу ақпарына сәйкес ұсталғандар шетелдегі ДАИШ* лаңкестік ұйымының жетекшілігімен жұмыс жасаған.
ДАИШ* – ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.