Діни басқарма құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады

0
272
ҚМДБ бас ғимараты.

Қазақстанда мұсылмандардың Құрбан айт мерекесі 31 шілдеде басталады. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі хабарлады. 

30 шілде – Арапа күні,  31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.

“21 шілде – зұлқағда айының соңғы күні. 22 шілде – зұлхижжа айы басталады. Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Арапа күні ораза тұту – сүннет”, – деп мәлімдеді діни басқарма.

Бұған дейін ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров карантин режимінің ұзартылуына байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайтынын айтқан болатын.

Алайда қазақстандықтар құрбандық малын қашықтан тапсырыс беру арқылы шала алады. Құрбандық малын 31 шілдеде таңнан үш күн бойы күн батқа дейін шалуға болады.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен іске қосылған Qurban2020.muftyat.kz сайты арқылы қазақстандықтар ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз