Құрметті астаналық ағайын!
Баршаларыңызды өз атымнан, Парламент пен Үкімет атынан бүгінгі ұлық мерекеміз Қазақстанның бірлік мейрамымен шын жүрегіммен құттықтаймын.
Ата-бабамыздан қалған «бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөз бар. Тірлік деген сөз – адамның аман болуы. Еңбек арқылы мемлекетті қолдап, өркендеп өсу деген сөз. Біз тағдырдың талқысына түскен халықпыз. Кең байтақ Отанымызда көп ұлт пен ұлыстың адамдары жиналып, бір қазанның ішінде қайнап, соның ішінде бірлікпенен, ерлікпенен осындай жағдайға жетік.
Бірліктің арқасында мемлекет құрдық. Бірліктің арқасында мемлекетімізді өркендетіп өсірдік, экономикасын көтердік.
Алла бірлігімізден айырмасын. Бірлік болса әлі талай шыңдарды бағындырамыз. Барша қазақстандықтарды тағы да мерекемен құттықтаймын.