Елбасы еңбекақыны көтеруді тапсырды

0
133
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан Қазақстан халқына жолдауы барысында қазақстандықтардың еңбекақысын көтеруді тапсырды.

“Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақыны 1,5 есе көбейтуді тапсырамын. 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін. Бұл әрбір қазақстандыққа үлкен көмек. Бұл меншік нысандарының барлық кәсіпорындарында еңбек ететін 1,3 миллион жұмысшының еңбекақысын көтереді “, – деді Елбасы.

Н. Назарбаевтың сөзінше, еңбекақы өсімі 275 мың бюджет қызметкерлеріне де қатысы бар, олардың жалақысы орта есеппен 35% -ға артады.“Бұлар мұғалімдер, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қорғаныс қызметкерлері, т.б. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019-2021 жылдарға әр жыл сайын 96 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Бюджетті қарастыру барысында Парламент мұны есепке алады деп есептеймін. Сондай-ақ ең төменгі еңбекақы енді ең төмен күнкөріс деңгейіне тәуелді болмайды “, – деді Елбасы.

“Аталған бастама бүгін өзім осы залға шақырған біздің шетелдік, отандық компаниялар тарапынан қолдау табады деген сенімдемін. Сөз болып отырған жайттар жоғары жалақы алатын мұнайшылар я болмаса метталлургтар туралы емес, төмен жалақы алатын жұмыскерлер турасында” , – деді Н. Назарбаев.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз