Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек Facebook-тегі парақшасында қаланың қызмет көрсететін компаниялары бірінші басшыларының WhatsApp мессенджеріндегі нөмірлерін жариялады.
“Ақпараттық ашықтық саясатын ұстану және тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында пайдалы байланыс нөмірлерін жариялаймын. Сіздер маған анықтамалық қызмет телефондарына қоңырауды үзуге тура келетінін айтып, су мен жарықты сөндірсе немесе контейнерлік алаңды қоқыстан тазаламаса нақты кімге xабарласуға болатынын сұрап жиі жазасыздар. Ал бұлардың бәрі біздің тұрмыс-тіршілігімізді қамтамасыз ететін ресурстар. Оларсыз қазіргі қала тұрғынына қиын. Егер осы салада мәселе-сұрақ туындаса, олар әдетте, кейінге қалдыруды күтпейді. Коммуналдық сектор басқармалары басшыларының телефондары, соның ішінде менің байланыс нөмірім бұрыннан белгілі. Сіз бен біздің арамыздағы кері байланыс жолға қойылған”, – деп жазады ол.
Әкімінің орынбасары ендігі кезекте елорданың коммуналдық кәсіпорындары басшылығымен байланыс орнату керектігін атап өтеді.
“Қаланың қызмет көрсететін компаниялары бірінші басшыларының WhatsApp нөмірлерін жариялап отырмын. Әрине, тығыз жұмыс кестесіне байланысты басшыларда телефон қоңырауларына жауап беру мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Сондықтан WhatsApp арқылы хабарласу өте жақсы балама. WhatsApp бойынша сұрақтарыңызды жазып қойыңыздар. Олармен Facebook-те байланыс орнатыңыз. Олардың ресми сайттарындағы маңызды ақпараттарды қадағалаңыз. Олар сіздермен қарым-қатынас жасауға дайын! Және осы пайдалы ақпаратты сақтап алуды ұмытпаңыз, пайдасы тиіп қалар”, – деді Арман Тұрлыбек.