Биыл Астанада 18 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин: Астаналық мектептерде 155 мыңға жуық бала оқиды деп жоспарланып отыр. Соның ішінде, 18 мың бала – бұл бірінші сынып оқушылары. Бұл әзірше болжамды ақпарат. Балалардың нақты саны қыркүйекте белгілі болады. Сондай-ақ, 1 сыныпқа баратындардың ішіндегі 6 жастағы балалар саны бұл көрсеткіштің шамамен 20 процентін құрайды.
Жаңа оқу жылында астаналық балалар қалалық, жеке меншік және республикалық 105 мектепте білім алатын болады. 1 сыныпқа қабылдау электронды және қағаз жүзінде жүргізілуде. “Алғашқы қоңырау” салтанаты биыл сенбі 1 қыркүйек күні барлық мектептерде өткізіледі.
Сонымен қатар биыл елордалық 7 мың орындық 6 мектепке жеке-меншік ғимарат берілді.