Нұр-Сұлтанда азаматтардың қайырымдылық бастамаларын қолдайтын ресурс пайда болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.
Aizhurek.kz сайты (beta нұсқасы-meyir.im) тиімді альтруизм құралы ретінде (немесе әлеуметтік игілік пен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар мен еріктілер топтарының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық ресурсы) бейімделген. Жобаның авторы – Global Shapers Community жас көшбасшылар қоғамы.
“Мұның бәрі біздің жобаларымызға қайырымдылық ұйымдарының байланыстарын қажет еткенімізден басталды. Қоғамдық қорлар, қайырымдылық ұйымдар, экология және жануарларга сәтті көмек көрсететін бастамашыл топтар туралы деректер таба алмаған соң, өзіміз біріктірдік. Оған қоса, көптеген адамдар киім-кешек пен техниканы қалай және кімге беруге болатыны турлы сауал жолдады әрі қарттар мен қиын өмірлік жағдайға түскен ересектерге көмектесуге дайын адамдар көбейіп келеді”, – дейді жобаның авторы және Global Shaper мүшесі, Айман Едігеева.
Осылайша, сенімді ұйымдар арқылы көмек көрсете алатын Aizhurek.kz веб-сайты пайда болды. Бүгінде 175 ұйымнан тұратын анықтама негізгі нысаналы санаттарға бөлінген: балаларға, ересектерге, қарттар мен жануарларға көмек. Тізімге сирек немесе мүмкіндіктерді шектейтін диагноз қойылған адамдарға арналған мамандандырылған ұйымдар, аула клубтары, қайырымдылық дүкендері, хоспистер, еріктілер ұйымдары және тағы басқа көптеген көмек беретін ұйымдар кіреді.