Елордада бос жұмыс орындарына жәрмеңке өтеді

0
276
ашық дереккөзден алынды

Ертең елордада Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді деп хабарлайды Елорда Инфо.

Орталықтың мәліметінше, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі 2017 жылдың 12 қазанында сағат 10:00-13:00 аралығында «Жастар» сарайында өтеді.

Жәрмеңкеде Ұлттық биотехнология орталығы, Ұлттық мұражай, № 1 қалалық емханасы, «Элара-Астана» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Апрель 2030» ЖШС сынды басқа да  40-қа жуық жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды қабылдауға ұсыныс бермек. Атап айтқанда,  жұмыс берушілер мекемелер кіші ғылыми қызметкер, лаборант, медбике, экспедитор-жүргізуші, күзетші, өнер және мәдениет мамандары және т.б. барлығы 250-ден астам бос жұмыс орындарды ұсынады.

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз