Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтып, хат жолдады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз хабарлады.
“Патрульдік полиция сержанты Шалқар Көшкінбайұлы Ақымғалиев қаза тапса да мемлекеттік наградаға ұсынылады. Оның отбасына ҚР ІІМ жеке құрамы тарапынан және материалдық көмек көрсетіледі”, – деп хабарланады.
Полиция қызметкері 21 наурызда Орал теңізіне көпірден секіріп, батып бара жатқан қызды құтқару барысында қаза тапты. Қызды құтқару мүмкін болды, полиция оқиға орнында жан тапсырды.
22 наурыз 00.50-де Ш.Ақымғалиевтың денесі оқиға орнынан төмен ағыс бойлай табылып, жағаға жеткізілді. Отбасының жалғыз асыраушысы Ш.Ақымғалиев көпбалалы отбасында тәрбиеленген, үйленбеген, 1 сәуірде 25 жасқа толар еді.