ХҚКО-дағы сервистік қызмет ақылы болуы мүмкін

0
89
фото: яндекс

Бүгін, мәжіліс отырысында халыққа қызмет көрсету орталығында сервистік қызмет көрсету ақылы болуы мүмкін екендігі айтылды.

Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге, мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірінші оқылымы болды. Осы оқылым барысында депутат Пономарев Сергей, ХҚКО айналасында «помогайкалар» көбейіп кеткенін айтып, олардың қызметінің соңы халықтың жеке басының ақпаратын ұрлауға әкелуі мүмкін екенін жеткізді. Осылайша заңды түрде ақылы сервистік қызмет көрсететін қызметкерлер жетілдіру керектігі туралы сөз қозғады.

«Егер халыққа ақылы қызмет (ХҚКО) көрсетер болсақ, онда мемлекеттік корпорация емес, мемлекеттік коммуналдық корпорация деп атауын өзгерткен дұрыс болады деп есептемейсіз бе? Жалпы осы ХҚКО айналасында «помогайкалар» үлкен үстемдік жүргізіп отыр дегенді бұрын-соңды естімеппін. Қазір әр адамның шаруасы осы ХҚКО арқылы бітеді. Оның бәрін ақылы жолға қоятын болсақ, қаншалықты дұрыс болады?», – деп депутат Әділ Жұбанов, сұрақты баяндама жасаған заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Данабек Исабековке қойды.

Депутат Данабек, бұл мәселенің толықтай шешілмегенін, осыған байланысты алдағы отырыстарда ұсыныс болатынын жеткізді.

«Ақылы қызмет сервистік қызмет көрсету бойынша. Мемлекеттік корпорацияда Egov және Egov mobile ақысыз қызметтер көрсетіледі. Сервистік қызмет көрсету бойынша алдағы уақытта қаралатын болады. Қазіргі таңда банктерде, нотариустерде және ар түрлі жеке құрылымдарда осындай (ақылы) сервистік қызметтер көрсетіліп жатыр. Неге біз осыны өзіміздің корпорация арқылы, материалдық жағдайды жақсарту үшін бюджеттен қаржы алмай өз жағдайын жасауға болмайды? Сол себептен сервистік қызмет көрсету бойынша алдағы уақытта ұсыныс болады», – деп жауап берді депутат Данабек Исабеков.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз