Былтыр 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адамға жетті.

Елдегі халық санының өсімі бойынша Астана көш бастап тұр. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

“2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша халық саны 20 014 575 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 431 220 адам, ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам. 2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға артты, оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті”, – деп жазылған хабарламада.

Адам санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 5,11% бен 2,82%, сондай-ақ Маңғыстау облысында тіркелді – 2,40%.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз