Қазақстан ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз армян көліктерін тіркеу тамыз айының соңында аяқталатынын ескертті.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша тіркелуі тиіс 14 мың көліктің шамамен 10 мыңға жуығы тіркелген.
“Азаматтер белсенді. Күніне шамамен 350 адам келіп, тіркеуден өтуде. Дегенмен, уақыт өте аз қалды. Сондықтан созбалаңға салмай, уақыт өткізіп алмай, көлікті тіркеңіздер. Өйткені үкіметтің қойған мерзімі өздеріңізге белгілі, бірінші қыркүйек”, – деді ол.
Нұрділда Ораз көлігін тамыздың соңына дейін тіркеп үлгермегендер заң аясында жауапқа тартылатынын айтты.
Қандай көліктер тіркеледі?
Арменияның уәкілетті органында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және осы жылдың 1 ақпанына дейін елге әкелінген, рөлі сол жақта орналасқан көліктер тіркеледі.
Рөлі оң жақта орналасқан көліктер тіркелмейді.
Тіркеуге қажетті құжаттар:
Автокөлікті тіркеу үшін көлік иесі жеке басын куәландыратын құжатты, айлық есептік көрсеткіштің 0,25% мөлшерінде (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге) мемлекеттік тіркеу алымының және мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті, сондай-ақ Арменияның уәкілетті органы берген көлікті тіркеу туралы куәлік пен автокөліктің мемлекеттік нөмірін ұсынуы тиіс.
Егер құжат қазақ немесе орыс тілінен басқа тілде жасалған болса, аударылып, нотариуспен расталуы қажет.