Инспектордың өлімі: күдіктілер құрықталды

0
66
Фото: ІІМ

Қарағанды облысында “Охотзоопром” инспекторының өліміне қатысты күдікті браконьерлер Қызылордада ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ішкі және сыртқы коммуникация Департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.

Күдіктілер бүгін яғни 21 қаңтарда құрықталған.

“Бүгін ІІМ қылмыстық полиция Департаментінің жүргізген арнайы операцияларының нәтижесінде Қызылордадағы жекежайлардың бірінен “Охотозоопром” Өндірістік бірлестігі” МҚКК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданын аумағында қызметін орындау барысында өлтірген күдіктілер құрықталды”, – деп жазады Садубаев өзінің Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта дәлелдерді бекіту үшін тергеу амалдары жүруде. Үш күдікті де уақытша қамау изоляторына қамалды.

Қылмыс 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында орын алған еді. “Охотозоопром” инспекторлары 18 сағат бойы рейд жасап, бес атылған киіктің өлігін тапқан. Ізіне түсу барысында Toyota Land Cruiser маркасындағы екі автокөлік табылды, екеуінің де тіркеу нөмірі болмаған, көліктің біреуін тоқтату мүмкін болды. Көлікті тексеру барысында әлдекімдер қарсылық танытқан. Салдарынан бір инспектор сұғылып, тілінген жара алып, жағы сынған, екінші инспектор бас-ми жарақатынан кейін ес-түзсіз жатқан, алайда дәрігерлерге оны құтқару мүмкін болмады. Кейіннен жарақат алған инспектор Ерлан Нұрғалиев ауруханада жан тапсырды.

Кешенді тергеу жұмыстары барысында қылмысқа қатысы бар деген үш күдікті анықталды.

 

Safina Ahtay

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз