2022 жылдың 20 сәуірінен бастап Иран мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері қайта жанданады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ирандық “Kish Air” әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр”- делінген хабарламада.
Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады.