Республикада көмірдің бағасы 18 пайызға төмендейді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезекті отырысында Энергетика министрі Қанат Бозумбаев мәлімдеді.
Елдегі жарықтың бағасын төмендету жұмыстарына байланысты ҚР Энергетика министрі Қанат Бозумбаев баяндамасында электр энергиясы бағасын қазіргіден біршама төмендету шаралары қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 1 мегаватт электр энергиясы үшін 590 мың теңге шекті баға белгіленді.
Электр энергиясына байланысты бұйрық қазір Әділет министрлігіне жолданған. Ал жылу бағасын төмендету үшін министрлік келер жылдан бастап электр станциялары үшін газдың көтерме бағасын төмендетпек. Көмір бағасы болса 18%-ға төмендейді. Нақтырақ айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қара отынның бағасы қазіргі бағасынан шамамен 2400 теңгеге арзандайды.
Қазір көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін Инвестициялар және даму министрлігі Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы жергілікті атқарушы органдарымен меморандумға қол қойды.
Үкімет отырысында Тарифтер мен әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету шаралары, ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері талқыланды.