12-14 наурызда Қазақстанның басым аумағында күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Бұл туралы “Қазгидромет” хабарлайды.
“Антициклон алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райына ықпал етеді. Сондықтан республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, күндіз 0…+8°С ауа температурасы күтілуде, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста климаттық нормадан 4…10°С-қа жоғары +12…+20°С ауа температурасы күтілуде”, – деп хабарлайды синоптиктер.
Тек батыста және солтүстік Қазақстанның қиыр аймақтарында Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін атмосфералық фронттар ықпалынан жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.