Көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден берілсін – Елбасы

0
81

Мемлекет басшысы адамдар айлап түрлі есіктерді қағып, зыр жүгірмеу үшін әлеуметтік көмекті тағайындау үрдісін жеңілдетуді тапсырды. Бұл туралы Н.Назарбаев “Нұр Отан” партиясының XVIII съезінде айтты.

“Отбасының жалпы кірісін есепке алғанда барлық жәрдемақыны есепке алу керек (көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, мүгедектігіне байланысты берілетін жәрдемақы), әйтпесе, әлеуметтік қызмет көрсететіндер оны жалпы деп есепке алып, олар аз қамтылған емес ауқатты болып шығады. Жекелеген әлеуметтік көмекке осы жылы 830 мың адам ие болады, шамамен 550 мың бала. Мүгедек балалардың жәрдемақысын 30 пайызға ұлғайтуды тапсырамын. Бағдарлама 100 мың адамды қамтиды. Жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдары 300 млрд теңге бөлуді тапсырамын”, – деді мемлекет басшысы.

“Соған бағыттау керек (қаражатты), тұрған нысандарға емес”, – деді Н.Назарбаев.

Президенттің сөзінше әр отбасы қолдауды сезінуі керек. Әсіресе көпбалалылар. Бүгінде 340 отбасыда төрттен артық бала бар. Жыл сайын бюджеттен бұл бағытта 500 млрд теңге бөлінеді. Түрлі кіріс алатын отбасылар бар.

“Сондықтан бірінші кезекте мемлекет кірісі аз көпбалалы отбасыларға ерекше қамқорлық танытуы керек”, – деген мемлекет басшысы көпбалалы отбасыдағы әр балаға 21 мың теңгеден жәрдемақы төлеуді тапсырды.

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз