Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К. Мәсімов (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А. Садықұлов, Д. Ерғожин, М. Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қатысуымен үкім жарияланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Іс «Өте құпия» белгісімен қаралды.
Тергеу бойынша тағылған айып:
К. Мәсімов пен А. Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы);
Ерғожин Д. ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды (ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы);
Осипов М. билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі) деп айыпталды.
Сот шешімі
Қ. Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, жазаны ішінара қосу арқылы – 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
А. Садықұлов ҚК – нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырыла отырып, жазаны ішінара қосу арқылы – 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,
Ерғожин Д.ҚК – нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы бойынша кінәлі деп танылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырыла отырып, жазаны ішінара қосу арқылы – 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,
Осипов М. ҚК-нің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д. Ерғожин және М. Осипов генерал атағынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Мемлекет кірісіне 10 млрд. теңгеден астам және 24 млн. АҚШ доллары өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.