Қазақстан үшінші елдер мен Еуразия экономикалық одағы елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салады. Бұйрық жобасы “Открытые НПА” порталына жарияланды.

“Үшінші елдер мен Еуразия экономикалық одағы елдерінен Қазақстанға автокөлікпен тауық жұмыртқасын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынсын” делінген жобада. 

Статистикаға сүйенсек, 2024 жылдың 1 қаңтарында республикада тауық 56,5 миллионға жеткен. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 13,8 пайыз көп. 2022 жылдың басында 50 миллион тауық болған.

Былтыр елде 4,9 миллиард дана жұмыртқа өндірілген (2022 жылы – 5 миллиард дана, 2.8 пайыз төмендеген).

“Ұлттық статистика бюросының қазірге дейінгі мәліметтеріне қарағанда, 2023 жылы 175,9 миллион дана жұмыртқа экспортталған, 286,9 миллион дана импортталған. Осылайша Қазақстан ішкі нарығының 98 пайызын өз өнімімен қамтамасыз етіп отыр” дейді жобаға түсініктеме жазған Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі.

Құжат көпшілік талқысына 1 наурызда шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз