Үкіметте ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қарастырылды

0
73

Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР заңын жүзеге асыру, астық нарығын тұрақтандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттық бағытта әртараптандыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, мал шаруашылығындағы эпизоотиялық жағдайды одан әрі жетілдіру туралы ақпарат тыңдалды.

Анықтама:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметтері бойынша 2016/2017 жылдары экспортқа ұнды есепке алғанда шамамен 8,3 млн тонна астық жіберілген. Биылғы жылдың басынан бері 1 желтоқсандағы жағдай бойынша экспортқа 7,7 млн тонна астық пен ұн жіберілген.

«ҚТЖ – Жүк тасымалдары» АҚ деректері бойынша осы жылдың желтоқсан айында 19 403 вагон немесе 1,3 млн тонна астық жөнелту жоспарланған. Астықты тасымалдауға 9 970 вагон тартылған, бұл айына 1,2 млн тоннаға дейін астық тасымалдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-қадамын іске асыруға орай «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңы әзірленіп, 2016 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген еді.

2016 жылдан бастап, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 1 066 ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі – АШК) тіркелген, оның ішінде 2017 жылы — 777.

Аталған АШК-лар жыл басынан бері (облыстардың әкімдіктерінің мәліметтері бойынша) 80,5 мың тонна сүт, 15,1 мың тонна ет, 21,9 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерін, 1 мың тонна құс етін, 19 тонна бал, 56 тонна қой етін, 27 тонна шұбат, 31 тонна ешкі сүтін және 63,7 мың жұмыртқа өндірген.

Қазақстан Халықаралық эпизоотиялық бюроның аусылдан таза аймақ ретіндегі ресми статусына ие болды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз