Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтада 43 адамның денесі табылды, 3 кенші іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhnews.kz ақпарат агенттігі azattuq сілтеме жасап.
Апат 28 қазанға қараған түні болған, апат кезінде жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан. Қалғандары сыртқа шыға алмай қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа көмір оятын орыннан өрт шығуы себеп болған.
Қазақстанда 29 қазан апаттан қаза болған шахтерларды жалпыұлтық аза тұту күні жарияланды. Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында тулар төмен түсірілді.