Әлем халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алды – Фоторепортаж

0
438

Халықаралық әйелдер күні мерекесінде бүкіл әлем бойынша әйелдер құқықтарын қорғаушылар дәстүрлі түрде гендерлік теңдікке арналған шерулер өткізді, деп хабарлайды Би би си орыс тілді ақпараттық агенттігі.

Санкт-Петербургтағы Овсянниковский бақшасында 100-ден астам шеруге шықты. Наразылық шеруге қатысушылар әйелдер мен ерлерге тең құқықтар, әйелдер жалақысын көтеруді және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейтуді талап етті.

Улан-Удэ қаласындағы белсенділер тобы қаланың орталық алаңында ерекше флэш-моб ұйымдастырды: «8» түрінде жасалынған үлкен мерекелік торттың айналасында құттықтау сөзі пайда болды.

 

Киевте Украина билігі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы Стамбул конвенциясын ратификациялауды талап етіп ереуілге шықты.

Румыния астанасы Бухарест қаласында «Гүл үшін рахмет, бірақ мен құрметтеуді талап етемін!» атты наразылық шеруі өтті. Жүзге жуық әйелдер қалалық ІІМ ғимаратының алдына қолдарына қызыл қалампыр (гвозлик) алып шықты.

Тбилисиде ЛГБТ белсенділер тобы трансгендерлікті қолдап наразылық шеруіне қатысты.

Сондай-ақ, Ирактың Мосул қаласында ерлер де әйелдерді қолдау жөніндегі жастар акциясына қатысты.

Сауд Арабиясы әйелдері де 8 наурызда әйелдердің құқықтарын қорғауға арналған әйелдер марафонын өткізді.

Үндістанның Мумбаи қаласында гендерлік теңдік пен әйелдерді азаптау мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға қарсы күреспен айналысатын «Akhil Bharatiya Terapanth Mahila Mandal» қауымдастығы әйелдерді қолдау шараларын ұйымдастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз