Әлемнің түркітанушылары Астанада бас қосады

0
144

Дүние жүзінің түркітанушылары 2019 жылы Астанада бас қосады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Түркі Академиясының президенті профессор Дархан Қыдырәлінің кездесуінде мәлім болды.

Кездесу барысында тараптар Түркі Академиясы қызметінің 2018 жылғы қорытындыларын талқылап, болашақтағы ынтымақтастықтың перспективалық бағдарларын бекітті.

Тараптар 2019 жылда өткізуге жоспарланған Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресіне дайындық жұмыстарының барысын талқыға салды.

Сұхбат барысында айқындалғандай, Түркітанушылардың дүниежүзілік конгресі барша түркі әлеміне маңызы зор оқиға болып, дүниежүзілік түркітанудың қайта өркендеуіне және осы ғылымның ағымдағы күйін, жетістіктерін, мәселелері мен перспективалары терең сарапталып, жаңа көзқарастан өткізуге орасан зор ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз