Әлеуметтік желілерде экстремистік ақпарат таратты деген күдік бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан 11 адам тұтқындалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма мәлімдемесінше «16 қараша ОҚО ҰҚКД ішкі істер органдарының қатысуымен Сайрам ауданы және Шымкент қаласынан 11 адам терроризмді насихаттау және діни өшпенділікті қоздырды» деген күдікке ілінген.
Департаменттің мәліметтеріне сәйкес, аталған топ «Whatsapp», «Телеграм» сондай-ақ Интернет желілерінде «ДАИШ» экстремистік идеологиясын тарататын үгіт-насихат материалдары мен басқа да халықаралық лаңкестік ұйымдарды жүйелі түрде үгіттіген.
Экстремистік материалдар 24 желілік қоғамдастықта таратылған. Оған қатысушылардың жалпы саны 400-ден асады.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жадыра Аманбайқызы