Елордалық ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды, деп хабарлайды 24.kz.
Аталған залда жаңа әліпбиге қатысты семинар-тренингтер мен оқу курстары және лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өткізілетін болады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ жаңа әліпбиге арнап ашылған зал төріне 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген латын әліпбиіндегі басылымдар қойылған.
Алдағы уақытта осы іспеттес оқу орталықтары еліміздегі барлық кітапзаналарда ашылады деп жоспарлануда.
Жадыра Аманбайқызы