Мәжіліс депутаты: 2 мыңға жуық ауылда интернет жоқ

0
134
Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина. Photo: greenkaz.org

Төменгі палата депутаттары ауылдарды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 117 қала мен тұрғындар саны 250 және одан да көп 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған.

 “Екі мыңға жуық ауылда интернет жоқ. Сондықтан парламент депутаттары осы мәселені көтеріп отыр. Заң жобасындағы нормаларды жүзеге асырудың арқасында екі жылдың ішінде қазақстандықтардың 97% -ы интернетпен қамтылады”, – деді депутат.

Заң жобасына сәйкес, мобильді желіге арналған құрылыс жер учаскелерін алу процедурасын жеңілдету қарастырылған.

Заң бойынша жалға алынған жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту керек. Бұған сәйкес жерді жеке немесе ауыл шаруашылығы учаскелігінен шығару қажет.

Телекоммуникациялық құрылғыны салу ісі екі жылға дейін созылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз