11 жастағы бала көлік астына түсіп, көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында орын алған.
Оқиға болған жерден баланы жедел ауруханаға жеткізген. Аудан ауруханасына көптеген сынықтарымен келіп түскен баланы дәрігерлер құтқара алмады. Өңірдің ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланы қағып кеткен жүргізуші мас күйінде болған.