Нұр-Сұлтандағы масалардың шабуылы бойынша жағдай аптаның соңына дейін тұрақтанады.
Шілде айының басталуымен Нұр- Сұлтан қаласының іші масаға толды. Мұның негізгі себебі “Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің” басшысы Садуақас Байғабылов жиі жауған жаңбырдың нәтижесі екендігін айтты және жаңбырлы ауа- райында алдын- алу жұмыстары тоқтатылатындығын мәлімдеді.
Жаңбыр кезінде улау жұмыстарының жүргізілмеу себептері “ылғалды кезде препараттар шайылады және тиімділігін жоғалтады”- деп түсіндірді.
Мемлекет тарапынан масаны жою үшін 170 млн теңге бөлінген. Алдағы уақытта дезинфекция жұмыстары аулаларда, саябақтар, парктер, жағалау бойында жүзеге асырылмақшы.
Елордада өмір сүретін масалар адамдарға аса қауіпті инфекцияларды таратпайды. Бізде малярия масалары қоныстайтын үш су қоймасы бар. Олар әрдайым бақыланады, қауіп төндірмейді, себебі инфекция көзі жоқ. Айталық, бейсенбі-жұма күндеріне қарай масалардың саны соншалықты көп болмайды», – деді спикер.
Жалпы Елордада 123 адам дезинфекция жұмыстарына тартылған. Өңдеу кешкі 8 уақытынан бастап түні бойы жүргізіледі.