Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында The Caspian International Restaurants Company компаниясына тиесілі KFC ресторандар желісіне берілген “ҚМДБ халал” сертификатын қайтарып алған болатын. Басты себеп – “ҚМДБ халал стандарты” талаптарының сақталмауы.
Аталған компанияның Алматы қаласындағы басшылығына KFC ресторандар желісі ғимараттарынан сертификатты және “ҚМДБ халал” таңбасын өнімдерінен алып тастау және қолданбау жөнінде ескерту хаты жолданған. Осы мәселе бойынша, “Халал Даму” ЖШС-ның өңірлердегі жауапты өкілдері тарапынан да бірнеше рет тексеріс жұмыстары жүргізілген.
Дегенмен, The Caspian International Restaurants Company “ҚМДБ халал” таңбасын әлі де өз өнімдерінің қаптамаларында пайдаланып келгендігі анықталған. ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтынушылар тарапынан келіп жатқан толассыз арыз-шағымдар мен хаттар, фотодеректер бар.
“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің мақсаты – халал өнімді талапқа сай ұсыну. Жауапкершілік пен сенімді өз деңгейінде атқару. Бұл – бізге жүктелген міндет”, – делінген ақпаратта.
“Халал Даму” мен The Caspian International Restaurants Company KFC мекемесі арасында сертификаттауға қатысты қайта келісімшарт жасалмағанын хабарлай отырып, KFC өніміндегі қаптамадағы “ҚМДБ халал” таңбасы халал сертификатын қайта алғанын білдірмейді.
ҚМДБ-ға келіп түскен фотошағымдар: