Танымал тележурналист Мейіржан Әлібекұлы “Қазақстан” РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.
Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің түлегі.
Алғашқы еңбек жолын «Аtyrau» облыстық телеарнасынан бастады. Әр жылдары «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші-сарапшы, редактор-жүргізуші, Қазақстан Президентінің журналистік пул тілшісі, шеф-редактор, дирекция директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қалың көрерменге «Жаңалықтар», саяси-сараптамалық «Апта.kz» бағдарламасының тізгіншісі ретінде танымал.
ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі. «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің лауреаты, «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазы.