“Менің ұлым – Үсенов емес”

0
136

Өткен жылдың 12 қарашасында «Керуен» ойын-сауық орталығы маңында Infiniti FX35 маркалы көлігін тізгіндеген азаматтың тротуарға шығып кетіп, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпар тарады. Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 және 25 жастағы бойжеткендердің зардап шеккенін хабарлады. 25 жастағы азамат медициналық көмектен кейін үйіне жіберілген, 24 жастағы бойжеткен мен Infiniti FX35 маркалы көлігін тізгіндеген азамат емханаға жеткізілген.

12 қараша, 2017/facebook.com/ marat.raimkhanov

Кейіннен осы жылдың 23 ақпанында Infiniti FX35 маркалы көлік жүргізушісі Болат Молдағалиев жол жүру ережесін бұзу салдарынан адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтірді деген айыппен сот алдында жауапқа тартылып, сот шешімі бойынша айыпты деп танылды.

26 ақпанда елордадағы «Спутник» баспасөз орталығында аталған жайтқа қатысты Infiniti FX35 маркалы көлігін тізгіндеген жігіттің анасы Мария Молдағалиева түсініктеме беріп, баласы Б. Молдағаливеке тағылған айыптың негізсіз екенін алға тартып, ұлына араша сұрады. Айып тағылушының анасы жасаған мәлімдемеге сәйкес, өткен жылдың 12 қарашасында 24 жастағы зардап шегуші Әсел Рымханованың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірген жол-көлік апаты сәтінде көлік жүргізушісі Б. Молдағалиевте эпилепсия ұстамасы болған, денсаулық жағдайына байланысты жігіт тізгінді бақылауда ұстай алмаған. Б. Молдағалиевтің анасы баласы кінәсін толық мойындайтынын, зардап шегуші Ә. Рымхановадан бірнеше рет кешірім өтінгенін әрі бойжеткенді емдетуге барлық тұрғыдан көмек қолын созуға дайын екенін алға тартады, дегенмен, зардап шегуші Ә. Рымханованың әкесі мен көкесі мұның бәріне түбегейлі қарсы болып, Қылмыстық Кодекстің 345, 347 ( Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу ) бабы және адам өлтіруге әрекет жасау бабы бойынша Б. Молдағалиевтің жазалануын сұраған.

 

Айыпталушының анасының айтуынша, тергеу кезінде және сот тыңдауы сәтінде оқиғаға куәгерлер жауапқа тартылып, куәгерлердің барлығы жол-көлік апаты болған күні Б. Молдағаливетің эпилепсиялық ұстамасы болғанын растаған. Сол күні оқиға орнына жеткен жол-патрульдік қызметкерлері Б. Молдағалиевтің жай-күйін көзімен көрген, оқиға орнындағы аудиожазбалар мен бейнежазбалар сот тыңдауы барысында көрсетілген.

Сот Б. Молдағалиевті ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 тармағы (Көлiк басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiкті пайдалану ережелерін бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша айыпты деп тапқан. Дегенмен, Б. Молдағалиевтің анасы сот шешімімен келіспейтінін және тергеушілер мен қорғаушылар жинаған дәлелдерге қарамастан, тергеу жұмысының бір тарапта ғана өткендігін, тергеу ісі екі тарапты қамтумен өтпегендігін, прокуратураның сотқа шикі ақпарлар бергенін, зардап шегушінің туыстары салдарынан БАҚ пен қоғамда қасақана дау туындағанын айтты. Бұдан өзге айыпталушының анасы сот шешім шығарғанда ұлы Б. Молдағалиевке дәрігер-эпилептолог А. Елубаеваның қойған  диагоназының есепке алынбағанын алға тартады.

Б. Молдағаливетің анасы үш ай бұрын қорғаушы тергеу істері басталған сәтте зардап шегуші тараптың ойын сценариін жасақтағанын ескерткенін мәлімдейді. Айыпталушы тараптың айтуынша, аталған сценарий сотта жүзеге асқан.

Өз кезегінде айыпталушы Б. Молдағалиевтің анасы М. Молдағалиева аталған істі қайыра қарап, әр деталі прокуратура тарапынан мұқият зерттелуін сұрап ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Жоғары сот төрағасынан араша сұрады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз