Мерекеде “RED BUS” автобусымен экскурсияға керемет мүмкіндік

0
94
Отан қорғаушылар және Жеңіс күнін мерекелеу барысында 7 және 9 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен сол жақ жағалауға тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы).
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі қажет. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады:
+7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
– сағ. 10.30 (орыс тілінде);
– сағ. 12.45 (қазақ тілінде);
  – сағ. 15.15 (орыс тілінде);
– сағ. 17.30 (қазақ тілінде);
– сағ. 19.45 (орыс тілінде).
Бұдан кейінгі аялдамалар: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы.
«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
– сағ. 11.00 (қазақ тілінде);
– сағ. 13.15 (орыс тілінде);
– сағ. 15.45 (қазақ тілінде);
– сағ. 18.00 (орыс тілінде);
– сағ. 20.15 (қазақ тілінде).
Бұдан кейінгі аялдамалар: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз