Министрлердің халықпен кездесуіне арналған кесте бекітілді

0
228
photo: inform.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуіне арналған 2022 жылғы кестесі бекітілген қаулыға қол қойды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Аталған кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75%-ы «сұрақ-жауап» форматында өтеді.

Министрлер кездесулердің қорытындысы мен халықтың проблемалық мәселелері бойынша қабылданған шешімдер туралы Үкіметте есеп беруі тиіс.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ төмендегі құжат арқылы танысуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз