Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттық жобалар шеңберінде азаматтық бастамаларды іске асыруға 644 шағын грант бөледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Бөлінген 644 гранттың 50-і ауылдық жердегі бастаманы дамытуға бағытталған.
Шағын грант волонтерлерді қарттар үйіндегі қарияларға көмек көрсету шараларына тарту, ауылдағы бастамаларды дамыту, халықтың әртүрлі топтарын цифрлық және қаржылық сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету, жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру сияқты 20 түрлі бағытты қамтиды.
Шағын грант сомасы 300 мың – 1 млн теңгенің арасында болады.