Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жаңа деректі фильм көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Деректі фиьлмнің авторы ресейлік жазушы, публицист, журналист Леонид Млечин фильмді Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы қорының қолдауымен ҚР Президентінің Телерадиокомпаниясымен бірлесіп түсірді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген «Избранный веременем» деп аталатын деректі фильмді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокомпаниясы деректі фильмнің авторы ресейлік жазушы, публицист, журналист Леонид Млечинмен бірлесіп түсірді.
Елбасы қорының қолдауымен жарықа шыққан 37 минутқа созылатын деректі фильмнің қоюшы режиссері – Сәуле Көмекбаева.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарихты жасайтын тұлғалардың бірі. Нұрсұлтан Назарбаев реформатор болып табылады, – дейді фильм авторлары.
Тың туынды кең ауқымдағы көрермендерге арналған. Оның сценарийі «Назарбаев. Президентпен бірге топтасқан портрет» («Шығыс-Батыс» баспасы, 2010 жыл) кітабы бойынша жазылған.