Нұр- Сұлтан қаласына әкелінетін 100 электроавтобустың сапасы бағасына сай ма

0
109

Нұр- Сұлтан қаласына жолаушыларды тасымалдайтын 100 электроавтобус әкелінеді.

Бір электроавтобустың құны 146,7 млн теңгені құрайды, бұл бүгінгі күнгі бағам бойынша шамамен 388 мың АҚШ долларын құрайды. Жалпы саны 100 электроавтобустың 50 данасы осы жылдың соңына дейін, қалған 50-і 2020 жылдың алғашқы тоқсанында пайдалануға беріледі.

«Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің мәліметінше электроавтобустардың қолданысқа келуі жолақы тарифіне әсер етпейтіндігін айтты.

«Кеше ғана 100 электробусты сатып алуға қатысты шартты бекіттік. Бүгінде елордада нақты 100-ге тарта автобус жетіспей жатыр. Жыл сайын біз паркті жаңартып тұруымыз керек. Тұрғындар саны артып келе жатқанын ескеру керек. Сонымен қатар, ескірген автобустар да аз емес», – деді Бекмырза Игенбердинов.

Электроавтобустар 12 метрлік төмен еденді болып келеді және 350 шақырым жол жүру қоры бар литий-темір-полимерлі батареямен жабдықталған. Батареяның қызмет ету мерзімі 10 жылды құрайды. Батареяға кепілдік – 7 жыл, электрқозғалтқышқа – 5 жыл.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз